Клиникалық мысал. Артериалық гипертензия және қантамырларының атеросклерозы бар 70 жасар ер кісі

Артериалық гипертензия және қантамырларының атеросклерозы бар 70 жасар ер кісі, соңғы 10 күн ішінде ентігу, жатқан кезде тыныс алуының қиындауы, кенеттен дамитын ентігудің түнгі ұстамалары шағымдарымен ауруханаға жатқызылды. Соңғы аптада 5 кг салмақ қосқан, тобықтарында ісінулер пайда болған. Күніне бір рет 0,25 мкг дигоксин және 80 мг фуросемид қабылдайды. Физикалды: өкпесінде екі жақты ылғалды сырылдар бар. Қанның зертханалық талдауы: натрий 133 ммоль/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 13 ммоль/л. Төсектік тәртіп, фуросемид мөлшері 120 мг*2 р/тәу көбейтілген,индапамид 5 мг күніне тағайындалған. Соңғы 3 күн ішінде науқас 8 кг салмақ жоғалтқан, АҚҚ 90/50 мм.с.б.б., жағдайы жақсарған, бірақ осы кезеңде қандағы мочевина 21,6 ммоль/л, креатинин 208 мкмоль/л жоғарылаған.

Талқылау

Науқаста сол қарыншалық жетіспеушілікпен қатар оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігінің белгілері де бар. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің (СЖЖ) салдарынан тіндердің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі дамыған. Жүрек лақтырысы жүрек қарыншаларының шамадан тыс толуы арқылы жүзеге асып жатыр, бұл өкпе ісінуі мен шеткері ісінулер дамуына алып келеді. Мочевина мен креатининнің жоғарылауы орташа. Мочевинаның жоғарылау дәрежесі креатининмен салыстырғанда жоғары, бұл бүйрек гипоперфузиясының салдары, яғни пререналды себебептен. Диуретиктермен емдеу қысымның төмендеуіне және жүрек қарыншаларының толуы төмендеуіне, ісінудің азаюына алып келеді. Бірақ тіндердің перфузиясының төмендеуін үдете береді, бұл ары қарай қандағы мочевина мен креатининнің және мочевина/креатинин қатынасының жоғарылауы түрінде көрінеді.

Науқаста – Жүрек жетіспеушілігінің нәтижесінде дамыған пререналды БЖЗ, 1 сатысы 2 сатыға ауысуымен сипатталады.

Сонымен қатар сепсис кезінде, бауыр жетіспеушілігі, анафилактикалық шок және антигипертензивті, анестетикалық препараттар әсерінен дамитын шеткі вазодилятация пререналды азотемияға алып келуі мүмкін. БЖЗ-нің пререналды арнайы түрі – гепатореналды синдром (ГРС) ауыр бауыр жетіспеушілігі бар науқастарда дамиды. Оның 2 түрі бар. Өте ауыр ГРС 1 түрі, өте тез дамиды, бауыр алмастырылмаса өлім көрсеткіші 3 айда 90% құрайды (Р.Шрайер, 2009). ГРС 2 түрі - рефрактерлі асциті бар науқастарда көрінеді, баяу дамиды.



Әртүрлі препараттар әсерінен дамитын бүйрекішілік гемодинамикалық бұзылыстарда, пререналды БЖЗ екі түрлі әсерге байланысты: афферентті артериоланың тарылуы (шумақ алдылық әсері) немесе эфферентті артериоланың кеңеюі (шумақтан кейінгі әсері) (2-сурет).

Пререналды БЖЗ кезінде шумақ фильтратциясының төмендеуі бүйрек құрылымындағы немесе жасушаларындағы зақымдалуға байланысты емес. Бүйректің гипоперфузиясына алып келген жағдай жойылса пререналды БЖЗ қайтымды болады.


9841781123349121.html
9841841578979723.html
    PR.RU™